👍 Бақбақ гүлінің адам денсаулығына пайдасы Бақбақ гүлі – көктемнің тұңғыш гүлі. Ол еліміздің барлық өңірінде өседі. Оны ел ішінде «сарғалдақ» деп те атайды. Біз бүгін сіздерге бақбақ гүлінің адам денсаулығына пайдасы туралы айтқымыз келіп отыр. ✅ Диабет кезінде Бақбақтың уақтап туралған тамырын 1 стақанға салып, шай секілді қайнатып ішіңіз. Күніне осылай 3-4 рет ішіп отырсаңыз, диабеттің алдын аласыз. ✅ Онкологиялық аурулар кезінде Бақбақтың 100 г жас жапырағын тұзды суға малып, оған 50 г ұсақтап туралған жуа мен 25 г ақжелек қосып, өсімдік майымен араластырып ішіңіз. Сонда сіз түрлі онкологиялық аурудан аман қаласыз. Әлсіреп қалған кезде де пайдасы мол. ✅ Бүйректің қабынуы кезінде Бақбақтың тамырын үккіштен үгіп, күніне 2 рет тамақ ішерден жарты сағат бұрын тұтыныңыз. ✅ Жүрек аурулары кезінде Бақбақ гүлінің тамырын құрғақ күйінде жеп, артынан су ішіңіз. Осылай күніне 2-3 рет қайталап тұрсаңыз, жүрек ауруларынан құтыласыз. ✅ Арықтағыңыз келсе 2 ас қасық немесе 1 ас қасық бақбақ жапырағын суға салып қайнатып, 6-8 сағат аралығында термоста сақтаңыз. Кейін кішкентай жұтыммен ішіңіз. ✅ Теріңізді ағарту үшін Бақбақ гүлін 0,5л суға жарты сағат қайнатып, бетіңізді таңертең және кешке сүртсеңіз болады. Бүгінгі таңда өсімдіктен шығатын сүттен түрлі иісмай жасалады. Олар сүйел, мүйізгек, секпіл, ара, жылан шаққанда көмектеседі.