Көкөніс, жеміс – жидектің шипасы Асқабақ. 1.Апиын уын қайтару үшін оның етін жаншып, суын сығып алғаннан кейін, уланған адамға тиісті мөлшерде ішкізеді. 2.Отқа немесе қайнаған суға күйіп жарақаттанғанда, асқабақ етін жаншып (тазалығына көңіл бөліңіз), жараға таңады. 3.Өкпеге шығу шыққанда, асқабаққа 250 г сиыр етін қосып, суға пісіріп, тамақ орнына жейді. Май мен тұз қоспайды. 4.Құртты түсіру үшін іш-кі асқабақ етінен ересектерге 500 г, балаларға 350 г жегізді, 2 сағаттан соң іш айдайтын дәрі ішкізеді, сонда құрт түседі. Дәріні 2 – 3 күн ішеді. 5.Таспа, сазан құрттарды түсіреді. 6.Көкжөтелге ем болады. 7.Тұқымының 1 келісін суға қайнатып, геморойды күніне 2 рет булайды. 8.Балалардың жұтқыншағы ауырғанда емге қолданады. 9.Жүрек әлсіздігінен жүдегенге шипа. 10.Босанғаннан кейін аналардың омырау сүті азайғанда қабығы мен ішкі тұқымын дәріге орап қайнаған сумен ішеді. Алма. Адамдардың тамақ-қа қолданатын жемістерінің 4/5 – бөлігі – алмалар. Оны ежелден ем – дәмдік тағам ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Дәрумен жетіспегенде, безгекке қарсы да жеген. Алма тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға да алманы жеу пайдалы. Алмұрт. Оның шырыны несепті айдау үшін өте пайдалы. Алмұрт шырынын қуық-қа тас байланғанда да ішеді. Алмұрттың шырыны мен тұндырмасы несептің бөлінуін күшейтіп қана қоймай, түсін де ашып, бактерияларды жоюға әсер етеді. Оның азықтық, шипалық қасиеті мол. Алмаға қарағанда алмұртта жасуық мөлшері көбірек, сол себепті тәнге баяу сіңеді. Өрік. Оны «денсаулық жемісі» деп атайды. Құрамын-да органикалық қышқылдар, нектин, хош иісті заттар, минералды тұздар (калий,) натрий, кальций, т.б. және коротин бар. Жүзім. Оның жас тамырын (30 г) 2 литр суға салып қайнатып, шашты жуса, қайызғақты кетіреді, құйқа терісі тазарады, шаш жақсы өседі. Көктемде сабағын кесіп, шырынын бетке жағып, ондағы қара дақтар мен секпілді кетіреді. Шырынын мол етіп жинап, күніне 3 рет ішсе (бір шай қасықпен), бауырды жазады, оның күіп, сыздағанын басады. Ұзынша келген ақ жүзім бауыр, көк бауырды жазып, қан қысымын төмендетеді. Буынына суық тигенде қара жүзімді жиі жеген жөн. Жүзім қатерлі ісіктен қорғау қасиетіне ие. Онымен қан азаю сырқатын да емдейді. Қара жүзім шырыны қан бөгелуін болдырмауға шипалы. Жүрек шаншып ауырғанда сары мейізді ет тартқыштан өткізіп, балға араластырып, күніне 3 рет шай қасықтан жейді. Жүзімнің шырынына алма сірке суын қосып ішу еркектің ұрық безінің жұмысын жақсартады. Жарты литр шырынға бір ас қасық сірке суы қосылады. Түстен кейін қос уыс жүзім жеу немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да жақсы әсер етеді. Қара жүзім шырынының жүрек ауруларына қарсы анти – кансерогендік ықпалы күшті. Лимон. Шіру процесіне қарсы шипа. Басқа әдістермен тәннен уытты зат-тардың шөгінділерін шыға-ра алмағанында, оны лимонмен шығарады. Австралия оқымыстыларының ойынша, «лимон шырыны СПИД –ке қарсы күресте арзан және әсері күшті дәрі». Орта ғасырларда халық медицинасында лимонның шырынын ұрықтануға қарсы қолданған. Қант диабетімен ауы-ратындарға оның жапырағын көлеңкеде кептіріп, ұнтақтап, сосын бір ас қасығын жарты литр суға салып, шай сияқты демдеп, күніне 3 рет 30 грамнан 2 ай ішкізіп, ауруынан жазады. Лимонның шырынын сығып алып бетке жақса, ондағы қара дақ пен секпілді тазартады. Жаңағы шырынды күн сайын 50 грамнан 3 рет үзбей бір ай ішсе, бүйректегі тас пен құм түседі. Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтері-луі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады. Банан. Ол денсаулыққа өте пайдалы, көп ауруға шипалы. Қан қысымын реттейді, инсультке шалдығудың алдын алады. Асқазан жарасына да ем. Бананды үй жағдайында сақтау үшін тоңазытқышқа салмайды. Ол он градустан төмен температурада тез бұзылып, тағамдық сапасын жоғалтады. Құрма. Ежелгі араб ғұла-малары оның 350 – ден астам пайдалы қасиеті бар деп есептейді. Шырынынан сергітетін сусын жасалады. Құрмадан жүзден астам тағам дайындалады. Құран, хадистерде құрма – жұмақ жемісі деп аталады. Дәрігерлер оның құрамында көптеген емдік қасиет барын анықтаған. Қант қызылшасы. Қанды көбейту, қақырықты босату, сіңірлерді бекемдеу, денені қуаттандыру үшін пайдаланады. 1.Көк бауыр ауырғанға: қант қызылшасын сірке суымен, қышамен араластырып ішкізсе, көк бауырда-ғы бөгеттерді ашады. 2.Бір жақ шеке ауырғанда, қол – аяқтың қалтырауына: қант қызылшасының суық балмен араластырып мұрынға тақса, ауру белгілері жеңілдейді. 3.Құлақ ауырғанға: қант қызылшасы жапырағының суын сығып алып, балмен қосып қайнатып, жылы күйінде құлаққа тамызады. 4.Шаштағы битті жоюға, қайызғақты кетіруге: жа-пырағының суымен шашты жуады. 5.Іш кернесіне: қант қызылшасын қыша сірке суымен қосып қайнатып ішсе, ауырғанды басады. 6.Адам ағзасындағы түрлі қоқыс – қалдықтарды, артық тұздарды қуады. 7.Қызылша тұнбасы сәбіз, қияр шырыны қосылып әзірленеді. Еркектердің жыныс безін зиянды элементтерден артылту үшін күніне бір мезгіл таңертеңгі астың алдында не соңынан жарты стақан қызылша шырынын ішу қажет. Сәбіз. Ол адамзат баласына біздің ғасырымызға дейін 2 мың жыл бұрын белгілі болған. Римдіктер оны дәмді тағам ретінде пай-даланған. Сәбіз авитаминозды (тағамда дәруменнің жетіспеуінен болатын ауру) жояды, ағзаның тұмауға қарсы тұруын күшейтеді, зат алмасуды жақсартады. Шикі сәбіз несепті айдаса, ондағы кобальд тұзы қан қысы-мын түсіреді, қанның қызыл түйіршіктері (эритроцит) мен гемоглобиннің түзілуіне қатысады. Сәбіздің сары өзе- гі жүрек бұлшық етінің шар-шағанын басады, шырынын жүрек инфарктінде ішуге белгілейді. Сәбіздің тор көздемшелері адам бойында Холестериннің шапшаң бөлінуіне мүмкіндік жасайды. Сәбізді оттегі және қуықтағы тасқа қарсы пайдаланады. Дәрігерлер сәбіз шырынын жүкті әйелдерге, ой еңбегімен шұғылдана-тындарға ішуге кеңес береді. Халық медицинасында сәбізді бұрыннан несеп айдау мен ішек құртына қар-сы, қан аздыққа, әлсіреуге, ішек-қарын қызметінің бұзылуына, балалы әйелдің емшек сүтінің жетіспеуіне, құрт ауруының (туберкулез) алғашқы кезеңдерінде, белсіздікке қарсы ішу ұсыны-лады. Осы мағсатта сәбізді сүтке қайнатып та жейді. Қырыққабат. Оны қалай жесе де пайдалы. Ашыған қырыққабат (капуста) тәбетті, асқазанның сөл бөлуін күшейтеді, ас қо-рытуды жақсартады. Ашы-ған қырыққабатты ас қо-рыту жүйесінің бұзылуына (қыжылдау, құсу, кекіру, жү-рек айну, ықылық ат) алдын алу үшін пайдаланылады. Ашыған қырыққабатсеміру-ге, шыжыңдыққа да қарсы ем. Қырыққабат сөлі (бұ-зылмаған) асқазанның әлсіреуін, қарын, ұлтабар жарасын, өт қабының, бауырдың әртүрлі ауруларын, асқазан қабынуын, тоқ ішек жара-сының қабынуын емдейді. Сары ауру мен көк бауыр ауруларына да қырыққабат сөлін ішу қажет. Қырыққабат шырыны асқазан сөліндегі қыш-қылдың көбейген кезінде, қарын ауырғанда қолда-нылады. Сапа болғанда, ауыз қолдырап, қабынып ауырғанда қырыққабат сөлін сумен араластырып, ауызды, тамақты шаяды. Бас ауырғанда, буын сырқы-рағанда ауырған жерге қырыққабаттың жас жапырағын жапсырса, ауруды басады. Қырыққабаттың құ-рамында асқазан жарасына ем болатын заттар бар. Шырыны бауыр ауруына ем. Оны ішкеннен кейін аурудың жанға батқаны азайып, бауыр қалпына келеді. Қы-рыққабат шырынының құра-мындағы күкірт пен хлор, иод асқазан мен ішектің шырышты қабығын тазартады. Ол ұлтабар жарасын да жазады. Бұл үшін қырыққа-бат шырынын 100 грамнан күніне 3 рет ішу қажет. Оған сәбіз шырынын қосып ішсе, әсері одан да жақсы. Бұл үшін 100 грамм қырыққабат шырынына 200-300 грамм сәбіз шырынын қосады. Қияр. 3 қасық ұсақтап туралған жас қиярға 1 стақан қайнаған суды ыстық-тай құйып, 2-3 сағат қойып, тұнбасын сүзіп алып, қал-дығын сығады да 1 шай қасық балмен араластырады. Сосын бұл тұнбамен мақтаны шылап алып, таза жуылған бетті сүртсе, ол безеуден арылтады. Қызанақ. Ол бірінші-ден, тағам ретінде өте пайдалы.оның құрамында қант, пектиндік, азоттық заттар, алкалоид, минералды тұздар мол. Екіншіден, қызанақта А, В, В әсіресе, С дәрумені өте көп. Үшіншіден, жас қызанақ пен томат шырынының шипа-лық қасиеті жақсы. Асқазан жарасы бар адамдар жас томат шырынын ішуге тиіс. Томат шырыны ағзадағы тастарды да ерітеді. Қызанақ бауыр ауыратындар үшін де өте пайдалы. Ол каротин, калийге де бай.

Теги других блогов: өрік алма асқабақ