✅ Қыз балаға мұсылманша аттар А Айла — ай секілді сұлу, аймен нұрланған. Азиза — күшті, бағалы, қымбат, сүйкімді. Ажар – жақсы, әдемі, бірегей. Ибраһим Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) жары, Исмаил пайғамбардың анасы, Зәм-зәм суы берілген ардақты әйел.Аиша (араб.) — тірі, өмір сүруші. Мұсылмандар анасы, Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Пайғамбардың сүйікті әйелінің есімі. Әлия (араб.) — асқақ, көрнекті. Әмина — сенімді, адал. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) анасының есімі. Амира — бұйрық беруші, ханшайым. Аниса — жақын дос, жылы шырайлы, жайдары, жарқын. Асма — биік, ұлы. Аиша анамыздың (оған Алла разы болсын) сіңілсі, Әбу Бәкірдің (оған Алла разы болсын) екінші қызы. Өз заманында ақылдылығымен, жомарттығымен танылған жүз жасаған сахаба әйел. Д Диляра — жанды қуантушы, барлығына сүйікті. Дина — иман келтіруші, сенген, көзі жеткен. Динара — алтын. Дания — жақын; танымал, атақты. Жуайрия – «жария» (қыз) сөзінің кішірейтілген формасы. Мұсылмандар анасы, Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелі. З Замиля — жолсерік, жолдас. Замина — қамтамасыз етуші, кепілдік беруші, негіз. Зульфия — бұйра шаштардың иесі; сүйкімді, тартымды. Зухра — сәулелендіруші, таңғы жұлдыз. Зейнаб (Зейнеп) – хош иісті ағаштың атауы. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелінің, туған қызының, немересінің (Фатима есімді қызынан) есімі Зейнаб болған. Зәнжәбил – Жәннаттағы хош иісті дәмді өсімдік. Ирада — қасиетті сыйлық. К Калима —шырын тілді, әңгімелесуші. Камиля — мінсіз, ең жақсы. Карима — жомарт, гауһардай қымбат, мейірбан. Каусария (Кәусар) — молшылықта өмір сүруші; Жәннаттағы өзен. Л Латифа — мейірімді. М Маймуна – берекелі. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) соңғы әйелі. Мадина —Медине қаласының атауынан шыққан. Малика — патшайым, бұйрық беруші. «Ма-ля-кя» – билеу, болу бұйыру етістігінен шыққан Мансура — жеңімпаз. Марьям — сүйікті, жаны үйлесуші. Иса Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) анасы, Алла Тағаланың тазартып, күллі әлемдегі әйелдерден ардақты еткен құлы. Муслима — мұсылман қыз, Аллаға бойсұнушы. Мухсина — жақсылық жасаушы, салиқалы, таза. Н Надира (араб.) — салыстырылмайтын, сирек. Нәзира — жайнаған, көңілді Насима — көрікті, жұмсақ жүректі. Нафиса — әдемі, биязы, мәртебелі, қымбат. Нурия — жаны мейірімді, ашық жүзді, нұрлы келбетті. Р Рабиа — бәйшешек; төртінші. Райян – дүниеде ораза ұстағандар кіретін Жәннат қақпаларының бірі. Раиса (араб.) — жетекші. Райхан — ләззат, рақат; өсімдік атауы. Рауза — гүл бақшасы Рұқия — таңғажайып, өзіне байлап қоюшы. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызының есімі. С Сабира — шыдамды, сабырлы. Салима — дені сау. Сания – екінші. Сарра (Сара) —мәртебелі. Ибраһим Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) әйелі. Сафия — таза, анық, шынайы, таңдаулы. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әпкесі, ержүрек сахаба әйел. Сәлсәбил – Құранда аталған Жәннаттағы бұлақ. Сумая — асқақ, биік. Дін жолында қаза болған тұңғыш мұсылман, сахаба әйелдің аты. Т Таухида — біріктіруші, негізін қалаушы. Тасним – Жәннаттағы бұлақ. Ф Фатима — Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызы. Х Хабиба — сүйікті, жақын, қымбатты. Халима (араб.) — жұмсақ, сабырлы. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүт анасы болған әйелдің есімі. Халиса — адал, берілген, шыншыл. Ханифа — турашыл, шыншыл. Ш Шамсия — күн секілді.