Пияздың алты түрлі пайдасы
Бұған дейін өздеріңізді пияздың шығу тарихымен, пайдасымен таныстырып өткен болатынбыз, алайда көпшілік біле бермейтін пияздың тағы да алты түрлі пайдасынан хабардар бола жүріңіз.
•Пияздың балмен араластырылған суы ангинаға жақсы көмектеседі. Ол үшін қоспаны күніне 2-3 реттен ішіп отыру керек.
•Жарақат алған жағдайда пияз сол жерді залалсыздандырушы ретінде де қолданылады. Пияз, әсіресе суды жақсы тазалайды. Ыдыстағы суға оның бір түйірін салып жіберсе, судың жаман дәмін алады.
•Тұмауратып, жөтеліп жүрген кезде пияздың сөлі қақырушы ретінде де қолданылған.
•Суықтап қалған кезде дәкені пияз сөліне батырып алып, күніне 3-4 рет 10-15 минуттан мұрынға тығып қойса, тұмау тез кетеді.
•Әдетте, кішкентай балалардың бірқатарында аскарида болатыны белгілі. Сондай жағдайда бұрынғылар бір бас пиязды ұсақтап турап, бір стақан ыстық суға 10-12 сағат бұқтырып қойып, 3-4 күн бойы аш қарынға ішкізетін болған.
Бір айта кетерлік нәрсе, бүйрек, бауыр, жүрек ауруы бар адамдардың пиязды абайлап қолданғаны жөн.